Қостанайлық дәрігер пандемия кезінде инфекционист мамандығын игерді

17.08.2020

Талай адамды өлімнен алып қалған дəрігерлердің еңбегі өлшеусіз. Қостанайлық Ғабит Атамбозов індет өршіген тұста жалпы тəжірибедегі дəрігерден жұқпалы ауруларды емдейтін маманға бейімделіп, науқастарға жедел көмек көрсетті. Аурулардың көптігі сонша - алғашқы күндері 70-ке жуық науқасты қабылдаған. Білікті мамандардың арқасында олардың бәрі бүгінде дертінен айығып, үйлеріне оралды. 

Қазір өңірде індетті жұқтыру деңгейі екі есеге дейін төмендеді. Өңірдегі стационарларда 370 орын қысқарды.

Бауыржан Қасымқан

Хабарламаларға жазылу