Коронавирустың «омикрон» штамының тез тарауы Еуропаның денсаулық сақтау жүйесіне салмақ түсіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп мәлімдеді. Халықаралық орган құрлық елдерін індеттің өршуіне дайын болуды ескертті.
Айта кетсек, Еуропаның бірқатар елінде «омикронның» тарауын тоқтату үшін қатаң шаралар қабылданып жатыр. Мысалы, Нидерландыда қатаң локдаун қаңтардың ортасына дейін күшінде болады. Ал Германияда Жаңа жыл алдында және одан кейін мерекелік кештер өткізілмейді. Португалияда желтоқсанның 26-нан бастап, түнгі клуб, өзге де көңіл көтеру орындары жабылады.
Сонымен бірге, Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирланиядада адамдардың топ болып жиналуына тыйым салынды.