Еуропада электр энергиясының бағасы рекордтық көрсеткішке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада электр энергиясының бағасы рекордтық көрсеткішке жетті

21.12.2021

Еуропада электр энергиясының бағасы рекордтық көрсеткішке жетті. Германия мен Францияда жарықтың 1 мегаватт-сағатының құны 450 еуроға жақындап қалды. Ұлыбританияда да жағдай мәз емес. 

Марина Бекенова, тілші:
Сәлеметсіз бе, Армангүл. Бұған бірнеше себеп бар. Газдың қымбаттауы, жел энергиясын өндірудегі кедергілер және көрші елдерге электр энергиясын жеткізетін негізгі тасымалдаушы - француз ядролық реакторларының сөнуі бағаның өсуіне әкеп соқты. Жер асты қоймаларында сақтаулы көгілдір отын көлемінің азаюы да әсер етпей қоймады. Салдарынан инфляцияның деңгейі өсіп, қымбатшылық тұтынушылардың қалтасын қақты.
Эндрю Бейли, Банк басқарушысы:
Инфляция деңгейі қазір 5,1 пайызды көрсетіп тұр. Бұл соңғы он жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Келер жылдың басында ол тағы да өсуі мүмкін. Қысқа мерзімді перспективада, яғни алдағы 2 немесе 3 жылдың көлемінде оның деңгейі 6 пайызға дейін жетуі мүмкін деп ойлаймыз.
Марина Бекенова, тілші:
Осылайша, британиялық тұтынушылардың көпшілігі үшін электр энергиясына төлем ақысы жылына 2000 фунтқа дейін өсуі мүмкін. Бағаға шыдас бере алмаған жиырмадан астам энергетикалық компания банкрот деп танылып, олардың миллиардтаған шығындары тұтынушылардың есебінен жабылмақ. Бағаны тұрақтандырумен айналысатын мемлекеттік компанияның арқасында ғана тарифтер әзірге сол қалпында . 

Хабарламаларға жазылу