Коронавирустың «омикрон» штамы әлемге тез тарап, вакцина алғандарға да, ковидтен айыққандарға да жұғып жатыр. Мұны Женевада өткен баспасөз маслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді. Оның сөзінше, «омикронның» «дельтадан» жылдам тарап жатқанына айқын дәлел бар.
Сонымен қатар, конференцияда жаңа түр өзге коронавирус штамдарынан жеңіл деуге ерте екені ескертілді.
Брифинг барысында Ресейдің «Спутник V» вакцинасын мақұлдау мәселесі де көтерілді. Біріккен Ұлттар Ұйымының денсаулық сақтау агенттігінің мәлімдеуінше, Мәскеу бұл екпе жайлы соңғы ақпаратты желтоқсанның соңына дейін тапсырып, вакцина шығаратын өндіріс орнына халықаралық инспекторларды ақпан айында кіргізбек.
Арыстан Рысбек