Ақтауда шатыры өртенген тұрғын үй кешенінде өрт қауіпсіздігі сақталмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда шатыры өртенген тұрғын үй кешенінде өрт қауіпсіздігі сақталмаған

21.12.2021

Ақтауда шатыры өртенген тұрғын үй кешенінде өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Себебі элиталық үйдің сумен қамту жүйесі талапқа сай емес дейді тұрғындар. Соның кесірінен өртті өшіру қиынға соғып, 500 шаршы метр аумақ жанып кеткен. Бірақ құрылыс компаниясының өкілі тұрғын үйдің сапасы нашар дегенді жоққа шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 2 күн бұрын Флоренция тұрғын үй кешенінің шатыры жанып, өрт сөндірушілер жалынды 2 жарым сағатта әрең ауыздықтады.100 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Мәдина Қалғараева, қала тұрғыны:

Біздің құрылыс компаниясына қоятын талабымыз көп. Себебі осы оқиға қайталанбайды дегенге қандай кепіл бар?! Үйде өрт қауіпсіздігі сақталмаған.

Бақыт Меңдібаев, құрылыс компаниясының өкілі:

Үй қымбат құрылыс материалдарынан салынған. Кейбір бөлшектері ғана жанып кетті. Жөндеу жұмыстарын мойнымызға аламыз. Шығын өтеледі. Алдымен тексеріп, сосын бір қорытындығы келеміз.


Ақтау өрт

Хабарламаларға жазылу