Ал автокөлікке салынатын салық кешірілуі мүмкін. Бірақ жеңілдік барлығына жасалмайды. Рақымшылыққа тек жүрмей тұрған машиналардың иелері ілікпек. Бүгін қаржы министрі осындай ұсыныстың іске асып жатқанын жеткізді. Айтуынша ел бойынша жүрмей, құрдан құр тұрған көліктер көп. Бірі ескі, енді бірі жол апатынан кейін тұрып қалған. Ал кейбір жүргізуші машинасын тіркеуден шығармай сенімхат арқылы немесе бөлшектеп сатып жіберген. Бірақ бұлардың барлығына жыл сайын салық салынып жатыр. Елде шамамен осындай 10 мыңнан астам көлік бар. Ал салынған салық миллиондап саналады.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:
Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жұмыс істейміз. Өйткені жылдар бойы жүрмей тұрған көлік көп. Соның барлығын база арқылы растап, анықтаймыз.