Ислам әлемі Ауғанстан үшін гуманитарлық қор құруға келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ислам әлемі Ауғанстан үшін гуманитарлық қор құруға келісті

20.12.2021

Мұсылман әлемі Ауғанстанға көмектесу үшін гуманитарлық сенім қорын құруға келісті. Мұнай уағдаластыққа Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы елдерінің өкілдері Пәкістан астанасы Исламабадта өткен біркүндік кездесуде қол жеткізді.

Айта кетсек, бұған дейін «Талибан» үкіметі аштық қаупі төнген 20 миллиондай адамды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін әлемнен жәрдем сұраған еді. «Қазір әрекет етпесек, Ауғанстан хаосқа беттейді», - дейді Пәкістан премьер-министрі Исмаил Хан.

Дегенмен, кездесуде аталған қорға қанша қаражат аударылатыны және тәліптер билігін мойындау мәселесі жөнінде ештеңе айтылған жоқ. Бір анығы – көмек ақшаны Ислам даму банкі арқылы жинау көзделіп отыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамынша, Ауғанстан экономикасы алдағы бір жылда 30 пайызға құлдырап, жергілікті халықтың 97 пайызы кедейшілікке душар болмақ.

Айта кетсек, тәліптер әйелдер мен қыз балалардың оқуына, жұмыс істеуіне тыйым салғандықтан, Ауғанстанның орталық банкіне тиесілі миллиардтаған доллар АҚШ-тағы есепшоттан босатылмай отыр.


Хабарламаларға жазылу