Малайзияда төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласып, 21 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Апаттан, әсіресе, елдің халық ең көп шоғырланған Селангор штаты қатты зардап шегіп отыр. Мұнда талай үй мен көлік суға кетті.
Премьер-министр Исмаил Сабри Якуб мәлімдегендей, өткен тәулікте Малайзияға бір айдың жаңбыры түскен.
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, суда қалған адамдарды құтқаруға 66 мыңдай жауынгер мен өрт сөндіру қызметкері жөнелтілді.
Жалпы алғанда, қазір жеті штатты топан жайлап жатыр. Кейбір жергілікті тұрғындар болса, үкіметті тасқын кезінде өте шабан қимылдады деп айыптап отыр.
Арыстан Рысбек