Пәкістанда циклон қаупінен 60 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда циклон қаупінен 60 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

15.06.2023

Пәкістанда теңіз жағалауындағы аудандардан 62 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл елге алапат циклон жақындап қалды. Ол Пәкістанға бүгін кешке соққы беруі мүмкін.

«Бипарджой» дауылы қазір Үндістан мен Пәкістанға сағатына 135 шақырым жылдамдықпен беттеп бара жатыр. Оның екпінінен Араб теңізінде алып толқын көтеріліп, төмен орналасқан аудандарды топан су басуы ықтимал. Нөсер жаңбыр жауып, алапат дауылдан талай нысан қирайды деген де болжам бар. Қазір циклонның соққысына Үндістанның Гүджарат штаты да дайындалып жатыр. Бұл аймақта да мыңдаған адам эвакуацияланды.



Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу