Коронавирустың «омикрон» штамы әлемнің 89 еліне жетті. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлап отыр. Оның дерегінше, алдағы 1,5-3 күнде жаңа инфекцияны жұқтыру оқиғалары жер шарында екі есеге көбеймек.
Ковидтің бұл түрі Оңтүстік Африкадан қарашаның 26-да табылды.Тағы бір айта кететін жайт, «омикрон» халықты вакциналау деңгейі жоғары елдерде де тез тарап жатыр.
Елде пандемияның 5-толқыны басталды
Ал Израильде пандемияның 5-толқыны басталды. Ел премьер-министрі Нафтали Беннеттің сөзінше, эпидемиялық ахуалдың қайта нашарлауына дәл осы штамм себепші. Сондықтан үкімет басшысы халықты тезірек екпе салдырып, жұмысты үйден істеуге үндеп отыр.
Арыстан Рысбек