Шымкентте Алаш арыстарына ескерткіш қойылды. Қаланың орталық саябағында орналасқан көп фигуралы композицияда Алаш қайраткерлерінің бейнесі тұтас бейнеленген. Ортада – «Алаш» партиясының көсемі Әлихан Бөкейханов, жанында Әлімхан Ермеков, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхамеджан Сералин, Жақанша Досмұханбетов және Халел Ғаббасов бар. Тұғыр гранитпен қапталған. Оның ұзындығы - алты, ені - үш метр. Ал, мүсіндердің биіктігі - орташа есеппен 2 метрден асады. Ескерткіштің ашылу салтанатына жергілікті билік өкілдері мен зиялы қауым, ақын жазушылар қатысып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Сейдахан Әлібек, тарих ғылымдарының докторы:
Бұл өте қажет. Себебі кейінгі ұрпақ үшін Алаш ардақтыларының осындай мүсінделген тұлғаларының өзі елдігіміздің бірлігін, олардың күшін, қуатын көрсетіп тұрғандай.
Ғани Қалмақанов