«АЛЖИР» құрбандарының рухына тағзым. Бас қалада солақай саясаттан жазықсыз жапа шеккендерге арналған «Chanel №5» деректі драмасының премьерасы өтті. Музыкалық жас көрермен театрының жаңа қойылымы 1937-1954 жылдар аралығындағы Сталиндік репрессия қасіретін баяндайды. Қойылымда кеңестік қатал жүйеден қиянат пен қорлық көрсе де, жігері жасымаған, болашаққа деген сенімі мен үмітін жоғалтпаған интеллигенция әйелдерінің қайғы-қасіреті сахналанады. Спектакль Ақмола іргесінде құрылған саяси лагерге тоғытылған әйелдердің әңгімелеріне негізделген. Аласапыран шаққа арналған драма көрермен назарына желтоқсанның 20-21 күндері ұсынылады.
Мәдина Омарова, «Chanel №5» деректі драмасының авторы:
«Chanel №5» пьесасының жазылу барысы 5 жылға созылды. 2016 жылдан бері бұл идея пайда болып, содан бері пісіп-жетіліп, бірнеше нұсқасы жасалды. Аяғында осындай үлкен спектакль дүниеге келді.