Солтүстік Қазақстанда белгісіз біреулер жеңіл көлікке оқ жаудырған. Темір тұлпар Челябі-Новосібір тасжолы Чистое елдімекенінің маңынан табылды. Полицейлердің хабарлауынша, ақ түсті «Hyundai Accent» – облыстық Білім саласында сапаны бақылау департаментінің мүлкі. Жүргізуші көлік жүруге жарамай қалғандықтан, мемлекеттік номерін шешіп алып, жол жиегіне қалдырған.
«Hyundai Accent»-тің терезесі, бампері, шамдары сынған. Жүргізуші жақтағы есікке бытырадан екі рет оқ атылған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.