Армения мен Әзербайжан теміржол байланысын қалпына келтіруге келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Армения мен Әзербайжан теміржол байланысын қалпына келтіруге келісті

15.12.2021

Әзербайжан мен Армения өзара теміржол байланысын жандандыруға келісті. Мұны Брюссельде Еуропа кеңесінің президенті Шарль Мишель мәлімдеді. Ол бүгін Бельгия астанасында президент Ильхам Әлиевпен және премьер-министр Никол Пашинянмен кездесіп, аталған келісімнің екіжақты проблемаларды шешу үшін маңызды екенін атап өтті.

Бұл уағдаластық Арменияға Иранмен, Ресеймен теміржол қатынасын орнатуға мүмкіндік бермек.

Екі республика араздығы 1991 жылы Армения Әзербайжанға тиесілі Таулы Қарабақ пеп жеті ауданды басып алғаннан кейін шиеленісті. Дегенмен, былтырғы 44-күндік соғыста Әзербайжан армиясы Қарабақта бірнеше қала мен 300-дей ауылды азат етіп, аймақта 30 жылға жуық жалғасқан оккупация аяқталғаны белгілі.


Хабарламаларға жазылу