Бельгияда «Томирис» фильмі көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда «Томирис» фильмі көрсетілді

15.12.2021

Еуропада қазақ киносының фестивалі сәтті өтуде. Парижде бастау алған кинофестиваль Люксембург пен Бельгияда жалғасты. Еліміздің осы мемлекеттердегі елшілігі мен қазақ киносының Франциядағы қауымдастығы Брюссельде көпшілік назарына режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис»фильмін ұсынды. Еуропалықтар туындыны ағылшын субтитрмен тамашалады. Талғамы биік көрермен қазақ киносына жоғары баға берді. Фестиваль бүгін Люксембургта жалғасады.

Роберто, көрермен:

Бұл керемет фильм. Әдемі түсірілген. Елдеріңіздің табиғаты ғажап. Осы туынды арқылы қазақтың тарихын біліп, сол орта ғасырға, қазақ даласына оралғандай әсерде болдым. Актерлардың кәсіби шеберлігі өте жоғары.


Хабарламаларға жазылу