Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында 40 отбасы баспаналы болды. «Отырар» мөлтекауданынан салынған жаңа пәтерлердің кілті көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы отбасыларға тапсырылды. Желтоқсан айының соңына дейін баспана кезегінде тұрғандарға тағы 600-ден аса пәтер берілмек. Бұл күні жаңа баспанаға қол жеткізгендердің бірі - Азамат Оразбаев. Жалғызбасты әке перзенттерімен пәтерді 7 жыл күткен. Алты баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған әке үш бөлмелі пәтерге ие болды.
Азамат Оразбаев, алты баланың әкесі:
Он жылдың көлемінде пәтер жалдап тұрдық. Армандаған пәтерімізге де жетіп отырмыз. Өте қуаныштымын. Қуанышым қойныма сыймай тұр.