Батыс Қазақстан облысында инспекторға оқ тиіп, ауруханада көз жұмды. Полиция департаментінің мәліметінше, Теректі ауданы Ақжайық ауылы маңындағы Бударин қорығында үш ер адам аңшылыққа шыққан. Бірі қаруды оқтап жатқанда, абайсызда мылтық атылып кетіп, оқ инспекторға тиген. Ал облыстық инспекция басшылығы инспектордың аңшылыққа емес, рейдке кеткенін айтады. Серік Мәженов жылдар бойы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында қызмет еткен.
Лунара Аманғалиева, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы:
Аталған факті тіркеу журналында тіркеліп, ҚР ҚК 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде. 1977 жылы туған ер азамат ауруханада көз жұмды.