Иранда жануарларды үйде асырауға тиым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда жануарларды үйде асырауға тиым салынады

14.12.2021

Иран парламенті жануарларды үйде ұстауды қылмысқа теңейтін заң жобасын әзірледі. Құжатқа сәйкес, ит-мысықтарды, жыландар мен қолтырауындарды, кесіртке мен тышқанды, есек пен қоянды импорттуға, тасымалдауға, саудалауға немесе иеленуге тыйым салынады.

Депутаттардың айтуынша, жаңа ереже халықты қауіпті әрі зиянды жануарлардан қорғау үшін қажет. Алайда, кейбір тегерандықтар мұнымен келіспейді. Олардың ойынша, жауапкершілігі төмен адамдар үшін жануар асырайтын барлық азаматтар зардап шекпеуі керек. 


Хабарламаларға жазылу