Мәжілісте жануарларды қорғайтын заң жобасы қаралып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте жануарларды қорғайтын заң жобасы қаралып жатыр

18.02.2021

Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін айыппұлды 2000 АЕК-ке дейін ұлғайту немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды ұсынылды. Орталық коммуникациясының алаңында аталған ақпарат жария болды.

Қазір заң Мәжілісте қарауында. Заң жобасы қабылданғаннан кейін жануарларды ойын-сауық, ғылыми зерттеулер, биологиялық тестілеу, медициналық мақсаттарда пайдаланылатын эксперименттік жануарларды күтіп-бағу мен өсіруге қойылатын талаптар күшейеді. Мамандар жануарлардың психикасына зақым тигізетін контактілі зообақтар мен дельфинарилерді жабу жайы сөз болды. Әрі, үй-күйсіз көшеде жүрген иттерді арнайы орындарда асырауға қала бюджеттен қаражат қарастырылмақ. Сондай-ақ жануарларға қатысты қатыгездікті насихаттайтын видео таратуға тыйым салатын нормалар заңға енбек.

Ғабит Бөкенбай


Хабарламаларға жазылу