Алматыда ірі жолайрық толық ашылып, көлік қозғалысы басталды. Бұған дейін құрылыс иелерімен болған сот процестеріне байланысты пайдалануға беру мерзімі кешіктірілген. Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі қиылысындағы көлік жолайрығы алып шаһардағы ұзын-сонар кептелісті азайтуға сеп болмақ. Тәулігіне Рысқұлов даңғылы арқылы 80 мың, ал Емцов көшесі бойымен 40 мың көлік емін-еркін жүре алады. Бұған дейін Құлжа трактісі мен Бұқтырма көшесінің қиылысындағы жолайрықта да көлік қозғалысы жанданған.
Жазира Оразқызы