Құрылысшылардың жалақысы биыл 20-30%-ке өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, әсіресе Маңғыстау, Атырау облысының жұмысшыларының айлығы көбірек. Ал Қызылорда облысында құрылысшы жалақысы биыл тек 11%-ке көтеріліп, 166 мың теңгеге жеткен. Жалпы елімізде 640 мыңнан аса құрылысшы бар. Көбі құрылыс қарқынды жүретін елорда, Алматы мен Түркістан қаласына жұмысқа тартылған. Былтыр пандемия кезінде жұмысшылар азайған еді. Қазір тұрғын үйге сұраныс артқан кезде еңбек нарығында құрылысшы тапшы.