Ақтөбеде роботтар көкпар тартып, күш сынасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде роботтар көкпар тартып, күш сынасты

13.12.2021

Ақтөбеде роботтар көкпар тартып, күш сынасты. Оқушылар құрастырған кәдімгі роботехника ұлттық ойыннан сайысқа түсті.

Робо-көкпар деп аталған өңірлік чемпионат Ақтөбе қаласында өтті. Облыс орталығы мен аудандардан келген 125 оқушы өздері ойлап тапқан құлтемірлерді телефондағы қосымша арқылы басқарады. Ұлттық ойынның бар ережесін сақтап, балалар топқа бөлініп сайысты. Яғни «Дода» тартыс түрін өткізді. Бұл үшін балалар ойынның ережесін меңгеріп, қимыл-қозғалысын роботтардың бағдарламасына енгізген.

Нұрислам Дүйсенғали, оқушы:

Мен 8 жасымнан бері роботехникамен айналысамын.Сол уақыттан бері мен көптеген роботтарды құрастыруды үйрендім. Көкпар ойынының ережесін білемін, сол ойынға қатысамын. Көп дайындалдық. Екі команда ойнайды. Бірінші кегельді ұстап алу керек және оны қарсыластың қазанына лақтырып жіберу керек.

Жақсылық Кемал


Хабарламаларға жазылу