Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бір топ БАҚ өкілдері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бір топ БАҚ өкілдері марапатталды

13.12.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында бір топ БАҚ өкілдері марапатталды. Еңбегі еленген қызметкерлер «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Халық алғысы», «Ақпарат саласының үздігі» және «Шапағат» медаліне ие болды. Олардың арасында Ұлттық арнаның бірқатар мамандары да бар. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева салаға еңбегі сіңген, кәсіби тұрғыда білікті, қызметіне адал мамандарға алғыс білдіре отырып, шығармашылық шабыт тіледі.

Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен жолымыздың әрбір кезеңін есімізден шығармай, құрметпен қарауымыз керек.  Осындай ауқымды жұмыстарды атқарып, жауапкершілікті арқалап жүрген баршаңызға алғысымды білдіремін. Жыл сайын кәсіпке адалдығымен, ерен еңбегімен көзге түскен әріптестерімізді құттықтайтын осындай дәстүріміз бар.


Хабарламаларға жазылу