Түркияда «омикрон» штамын жұқтырғандар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда «омикрон» штамын жұқтырғандар анықталды

13.12.2021

Түркияда алғаш рет коронавирустың омикрон штамын жұқтырғандар анықталды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа Парламент депутаттары алдында сөйлеген сөзінде айтты. Министр алты адамнан «омикрон» табылғанын, алайда қауіптенетіндей ештеңе жоқ, науқастардың жағдайлары жақсы екенін білдірді. Дәрігерлердің тексеруінен соң алты адам да үйлерінде карантинге алынған.

Түркияда қазір вакциналау қауырт жүріп жатыр. Бүгінге дейін 18 жастан асқан халықтың 82 пайызы екпені екі реттен қабылдаған. Дегенмен елде бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны 20 мыңнан азаймай тұр.

Фахреттин Қожа, Түркияның Денсаулық сақтау министрі:

Түркияда да өкінішке қарай «омикрон» жұқтырғандар анықталды. Ыстамбұлда бір адамнан, Измирде бес адамнан вирустың жаңа штамы табылды. Алайда халық бұдан үрейленбесін. «Омикрон» вирусы жылдам жұқпайды. Бүгінге дейін белгілі болғандай жұқтырған адамға қарапайым тұмау сияқты әсер етеді. Сондықтан санитарлық тазалықты сақтап, қорғанып жүрген адамдарға еш зиянын тигізбейді.

Айдос Әшімұлы


омикрон

Хабарламаларға жазылу