Тәуелсіздік фототілшілердің көзімен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік фототілшілердің көзімен

12.12.2021

Тарихқа әр ракурстан қарап, түрлі көзқараста болу заңдылық. Ал біз бүгін тәуелсіз еліміздің 30 жылдық өміріне фотографтардың объективінен үңіліп көрсек. Өйткені...

Советбек Мағзұмов - тәуелсіздіктің фото шежірешілерінің бірі. Журналистикада жарты ғасырдан астам жұмыс істеген ол, түрлі саяси оқиғаларды, халықтың руханиятқа қатысты өмірін суретке түсірді. Егемендіктің алғашқы жылдарын еске алған фотограф бізге айрықша бағалы фотоларын көрсетті.

Советбек Мағзұмов, ардагер фототілші:

Бұл сурет өткен ғасырдың 93-жылында Петропавл қаласында түсірілді. Бұл жерде Мағжанға ескерткіш ашылған болатын. +11:19 Суретте бейнеленген Хамза Абдуллин деген ақын. Бұл кісі Грузиннің атақты ақыны Шота Руставелидің Жолбарыс тонды жиһангез атты дастанын қазақ тілінде тәржімалаған. М. Жұмабаевқа жақын туыс болып келеді. Ал, жанында тұрған кісі Мағжанның құдай қосқан қосағы Зылиха Құрманбайқызы.

Ардагердің архивінде 40 мыңға жуық сурет бар. Тек елбасының өзінің 20 мың фотосы сақтаулы. Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттердің басшылармен кездесіп, танымал тұлғаларды қабылдап жатқан сәттерін талай таспалаған.

Советбек Мағзұмов, ардагер фототілші:

Бұл сурет 2004 жылы Тәуелсіздік қарсаңында түсірілді. Елбасы Хиуаз Доспановаға «Халық Қаһарманы» атағын беріп тұр. Ал, мына кісі белгілі журналист Илья Жақанов. Ал, мына тұрған кісі қазақтың белгілі ақыны  Т.Молдағалиев. Бұл кісіге де марапат болды.

Бұл суреттер өткен күннің шынайы көрінісі сынды. Себебі, ол кезде фото қазіргідей өңделмейтін. Сол қалпында шығарылатын. Тіпті, керекті фотоны түсіріп алуға да уақыт пен мүмкіндік аз берілген.

Ерлан Омаров, «Еgemen Qazaqstan» газетінің фототілшісі:

Бұрынғы кездегі фотографтарды алатын болсақ, ол кісілердікі таза еңбек. Ол кезде жаңағы бірінен кейін бірін серийний сурет түсіру деген жоқ. Сол моментті ұстау керек. Оны жаңағы пленка ол кезде, әрі кеткенде 36 кадр. Оның барлығын жаңағы санап басады.
Санаулы пленканы сәтті қолданып, бір ғана кадрмен ой саларлық туынды жасаған фотографтар да санаулы.
Сол кездегі тарихтың бәрін өзіміз ұстазым деп айтам Шүкір Шахай  түсірген суреттер. Тәуелсіздік деген де осы суреттер көз алдыма елестейді өзімнің.

Шүкір Шахайдың еңбектерін баға жетпес қазына деуге болады. Ал, сол тарихи сәттер бейнеленген әр фотоны түсірудің де өз тарихы бар.

Ерлан Омаров, «Еgemen Qazaqstan» газетінің фототілшісі:

Шүкір ағамыз айтып берген. Осы ту мен гербты қабылдайтын кезде елбасы, жаңағы Шүкір ағамыздың үйдегі жеңгей 3-ші ма, 2-ші ма баласына аяғы ауыр болып роддомға кеткен. Шүкір ағамыз алдындағы баласын бағып үйде қалған. Оның да жасы 1-де ме, 1 жарымда ма сондай екен. Сөйтіп, Шүкір ағамыз жаңағыны естиді де осындай елбасы ту мен гербты қабылдайын деп жатыр екен. Енді тарихи сәт. Алады да, жаңағы баласын пеленкаға орап, одеялға орап келіп, жаңағы елбасының охраналары жүр, бәрінен өтіп кіріп, баланы сол жердегі парламент үйінің қыздарына тапсырып, өзі залға кіріп осы суреттерді түсірген.

Осындай қызық оқиғамен түсірілген суреттер қазір құнды құжаттарға айналды.

Ерлан Омаров, «Еgemen Qazaqstan» газетінің фототілшісі:

Шүкір ағамыздың көп суреттері бар, кезіндегі анау талонмен магазиндердің алдында очередте тұрғандары адамдардың. +03:33 Сол кездегі қиындықтарды көрсеткен суреті бар. Сол кезде жаңағы Нұрсұлтан аға бізге жаңағы не болыңыз, араша болыңыз, көмектесіңіз деген плакаттармен тұрған суреттері бар.

Сюжетке кейіпкер қылмақшы едік, үкіметтің баспасөз қызметінде істейтін Шүкір Шахайдың іссапарлардан қолы тимеді. Әрі творчествосы туралы болса да, өзі жайлы айтуды мүлдем қаламайтын адамдар болады ғой, сондай ма деп қалдық. Ал, тәлімгері туралы ерекше ілтипатпен әңгімелеп отырған Ерлан Омаровтың өзі 2010 жылдан бергі тарихымызды таспалап келеді. Оның жеке мұрағатында елімізде өткен әлемдік шаралардың суреттері өте көп.

Ерлан Омаров, «Еgemen Qazaqstan» газетінің фототілшісі:

Бұл сурет енді 2017 жылы ЭКСПО-ның ашылу салтанаты кезінде түсірілген сурет. Бұл сурет көп тарап кетті. Елбасымыз Н.Ә.Н. сол кезде әр елден келген президенттер, бір елдің премьері келіп жатыр, бір елдің президенті келіп жатыр енді жоқ дегенде бір 30-40 адам қабылдайтын болды. Сағатына қарап алаңдап тұрды.  Бәленбай президенттің жеке фотографы бар, өзіміздің СМИ бар, сол кезде осы сәтті өзім ғана басып үлгердім түсіріп. Экспоның ашылу салтанатын санаулы сәттер қалды деп біздің жаңағы сайт бірінші болып берді, одан біздің сайттан іліп алып қаншама неге кетті. Әлемдік сайттар алды. Қытайдың сайтына шығып, 2 млннан аса просмотр жинады.

Әрине, суреттің құны оның қаралымы арқылы да бағаланады. Көрмеге қойылса, халықтың келуімен өлшенеді. Бірақ, фото өнерінің миссиясы тек ол емес. Өйткені, кейде мың сөз жеткізе алмағанды, бір сурет шынайы жеткізіп, үлкен оқиғалардан кішкентай фотолар сыр шертеді. Отыз жылдағы халықтың жеңісі мен жеңілісі бейнеленген фотолар бірдей құнды.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу