Қазақстандағы сайлау шетелдіктер көзімен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы сайлау шетелдіктер көзімен

09.06.2019

Елімізде өтіп жатқан президент сайлауын бақылау үшін елімізге мыңдаған байқаушы келді. Олар сайлау учаскелеріне барып, науқанның ашық әрі әділ өтуін қадағалайды.

Хамит Хамит, Болгария парламентінің депутаты:

- Бүгінгі болатын сайлауға халықаралық делегат ретінде, бақылаушы ретінде қатысамын. Біздің Болгарияның делегаттарының қатарына журналистер, депломаттар, орталық сайлау комиссиясының төрағасы да бар. Ең алдымен, осындай саяси науқанды абыроймен ұйымдастыруларыңызбен шын жүректен құттықтағым келеді. Азаматтардың таң атпай ерте сайлауға қатысуы біз үшін үлкен жаңалық болды.

Пэтко Драганов, Болгария СІМ өкілі:

- Біз опера және балет театрындағы сайлау учаскесіне бардық. Бәрі заң шеңберінде өтіп жатыр. Тағы да бірнеше учаскелерге барып, сайлау барысын өз көзімізбен көрмек ойымыз бар. Сондай-ақ, орталық сайлау комиссиясының өкілдерімен де кездестік.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу