Алматыда азаматтық авиация академиясында заманауи оқу орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда азаматтық авиация академиясында заманауи оқу орталығы ашылды

10.12.2021

Алматыда азаматтық авиация академиясында заманауи оқу орталығы ашылды. ІАТА, яғни Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының талаптарына сай бөлім VR-технологиясымен жұмыс істейді. Академия 2025- жылға дейінгі даму бағдарламасын бекітіп, авиация саласында мамандар даярлайтын шетелдік білім ордаларымен бәсекеге түсуге ниетті. 

Студенттер мен білімін одан ары жетілдіргісі келетін мамандар үшін ашылған орталықтың маңызы жоғары. Енді әуежай аумағына бармай-ақ, ұшақ маңындағы практикалық жұмыстарды виртуалды технологияның көмегімен атқаруға болады.  

Дәулет Төреахметов, Азаматтық авиация академиясы оқу кешенінің директоры:

Франция, Голландия, Америкадағы барлығы бір үлкен желі. Бір стандартпен жұмыс істейтін оқу орталықтары. Сабақтар дүниежүзілік ІАТА стандарттары бойынша сабақ жүргізіледі. 

Аазаматтық авиация академиясы Орта Азиядағы ІАТА талаптарына сай келетін орталық ретінде тіркелді. Оқу орнының дәріс беретін екі маманы халықаралық қауымдастықтың курсынан өтіп, сертификат алды.   

Бекен Сейдахметов, Азаматтық авиация академиясының ректоры:

Ертеңгі күні азаматтық авиацияның істеп жатқан ісінің жолаушыларға қызметін жоғарғы деңгейде көрсетеді деген, жоғары деңгейге жетеді деген көзқарасымыз бар. Сол талаппен біз жоспарымыз бойынша осындай күрделі жұмыстар атқарып жатырмыз. 


Руслан Сарин, Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының (Іata) өкілі:

Академияның ІАТА орталығында үш тақырып бойынша студенттерге білім беріледі. Оның ішінде жолаушыларға қызмет көрсету, әуе кемелеріне қызмет көрсету және станциядағы менеджмент.

Академия қабырғасында келер жылы ағылшын тілін жетік білетін мамандар даярлайтын бөлім ашылмақ. Сонымен қатар Еуропалық одақтың талаптарына сай келетін ұшқыштар мен инженерлік құрам оқытатын тағы екі орталық ашу жоспарланған. 

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу