Бүгін - Нұр-Сұлтан қаласы астана статусын алған күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Нұр-Сұлтан қаласы астана статусын алған күн

10.12.2021

Бүгін - Нұр-Сұлтан қаласы астана статусын алған күн. Осыдан 28 жыл бұрын Ақмола қаласы еліміздің бас қаласы атанған еді. Маңызды датаға орай Тұңғыш Президент мұаражайында елорданың алғашқы құрылысына атсалысқан азаматтармен кездесу өтті. Елорданың қалыптасуы мен даму тарихына куә болған азаматтар музейге саяхат жасады. Мұндағы экспозициялардың көпшілігі Елбасы кітапханасы қорынан алынған. Өткен күндерден сыр шертіп, естеліктерімен бөліскен қоғам қайраткерлері сол кездегі құжаттар мен бейнематериалдар бүгінде құнды жәдігерге айналған дейді.

Жәнібек Кәрібжанов, Ақмола облысының экс-әкімі:

Қазір сол уақытты шолып қарасақ, қаншама уақыт өтті, мысалы. Тарихқа айналды. Уақыт өзі осындай шешемінің дұрыс екенін дәлелдеп отыр, қазір астанамыз еліміздің рухани мәдени әлеуметтік, танымал, локамативі болып отыр.


Хабарламаларға жазылу