Солтүстік Қазақстанда агро өнімдерді өңдеу өндірісі артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда агро өнімдерді өңдеу өндірісі артады

10.12.2021

Солтүстік Қазақстанда 7 астық сақтау қоймасы мен тұқым шығаратын және майлы дақылдарды өңдейтін зауыт салынады. Бұдан бөлек 3 мың тонна көкөніс өсіретін жылыжай ашылады. Ет өндіру көлемі де өспек. Ал құс етінің 40%-і импорт.

Ішкі сұранысты толық қамту үшін 11 фабриканың құрылысы жоспарланған. Дегенмен өнім көлемін көбейту көзделіп отыр. Өңірде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп, шағын-орта бизнес дамып жатыр. Шығарылған өнім көлемі 770 млрд теңгеден асты.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Қазақстанда биыл 29 сүт кешені салынуда, оның жартысы біздің облыстың үлесінде. Биыл 16 ферманың құрылысын бастадық, жыл соңына дейін 10 кешенді іске қосамыз. Тек осы фермаларда ғана 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Жаңа фермалар қосымша 45 мың тонна өнім бермек. Осы жобалардың арқасында бір жылдың ішінде сүт өндіру көлемі 598 мыңнан 630 мың тоннаға дейін өседі.

5 жылда 2,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Облыста тұрғын үй салуға да басымдық берілген. 5 жылда 2,3 млн шаршы метр баспана тұрғызамыз деген жоспар бар. Петропавлда 1,7 мыңнан аса ескі және апатты үйлер бұзылған. Қазір 53 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл 3 жарым мыңдай пәтер.


Хабарламаларға жазылу