Қытайдан Қазақстанға инвестиция салушылар саны артады - Чуо Пин Иэн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдан Қазақстанға инвестиция салушылар саны артады - Чуо Пин Иэн

21.05.2015
Қытайдан Қазақстанға инвестиция салушылар саны артады - Чуо Пин Иэн

Ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту керек. Міндет - шикізат базасын дамыту және өңделетін өнімдерді экспорттау.

Бұл - мемлекетті нығайтуға арналған «100 нақты қадамның» 61-ші бағыты.

Реформаны қытайлық кәсіпкерлер оң көріп отыр. Өйткені, инвесторлардың көптеп келуі ел экономикасының дамуына серпін бермек.

«Бүгінде виза ашу едәуір жеңілдеді. Енді Қытайдан Қазақстанға инвестиция саламын деушілер саны артады деп ойлаймын», дейді қытайлық кәсіпкер Чуо Пин Иэн.

 

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу