Демалыс күндері Қазақстанның батысы мен солтүстігінде қатты аяз болады. «Қазгидромет» мамандары түнде ауа температурасы 15-25 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр. Күннің күрт суытуына солтүстік-батыстан келетін антициклон әсер етеді. Ал оңтүстік өңірлерде күн ашық. Тек кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін.