Ақтауда жолаушылар автобусы өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда жолаушылар автобусы өртенді

10.12.2021

Ақтауда жолаушылар автобусы толықтай жанып кетті. Оқиға кеше кешкісін болды. Жолда келе жатқан көліктің алдыңғы жағы отқа оранған. Автобуста балалардың болғанын, оларды құтқаруға көпшілік көмектескенін айтқан куәгерлердің жазбалары тарады. Бірақ Төтенше жағдайлар департаменті көлікте балалардың болмағанын, өрттің 25 минутта өшірілгенін жеткізді.

Александр Алексеев, Мемлекеттік өртті бақылау басқармасының бастығы:

Өрттің шығу себебі анықталуда. Алдын ала болжам бойынша көліктің мотор бөлігінде тоқтың қысқаша тұйықталуынан шығуы мүмкін. Автобус жүргізушісінің айтуынша, ол үйіне қайтып келе жатқан. Көлікте ешкім болмаған. 


Хабарламаларға жазылу