Американың «Apple» компаниясының нарықтық құны 3 триллион долларға жақындап қалды. Ол осы межеге жететін болса, әлемнің Германиядан кейінгі бесінші экономикасына айналады. Бұл хабардан кейін технологиялық алыптың акциялары Нью-Йорк биржасында 1,6 пайызға өсіп, 174 долларға дейін қымбаттады.
Айта кетсек, «Айфон» өндіруші бір жыл бұрын ғана өз бағасының 2 триллион доллардан асқанын жариялаған еді.
Арыстан Рысбек