Әлемдік нарықта мұнай баррелі 10 долларға арзандаса ел қазынасына 600 млрд теңге түспей қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік нарықта мұнай баррелі 10 долларға арзандаса ел қазынасына 600 млрд теңге түспей қалуы мүмкін

05.10.2022

Әлемдік нарықта мұнай баррелі 10 долларға арзандаса, ел қазынасына 600 млрд теңге түспей қалуы мүмкін. Осындай болжам жасаған Ұлттық экономика министрі биыл бюджетте шикізат құны 90 доллар болып бекітілгенін еске салды. Мұндай бағамен есептейтін болсақ, мұнай саудасынан түсетін кіріс 5 трлн 700 млрд теңгеге жетеді. Brent сұрыпты қара алтынның құны 50 долларға дейін төмендесе, түсім 3,2 трлн теңгеге дейін азаюы мүмкін. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу