Украина президенті Владимир Зеленский мен Ақ үй басшысы Джо Байден телефон арқылы сөйлесіп, Донбасстағы жағдайды жарты сағат бойы талқылады.
Украина президентінің кеңсесі хабарлағандай, Құрама Штаттар лидері Ресей Украинаға басып кіретін болса, Мәскеуге қарсы жаңа экономикалық санкциялар жариялайтынын ескерткен. Cонымен қатар, екі президент Американың Киевке саяси, қаржылай және әскери көмек беру мәселелерін де қозғады.
Алайда Кремль басшысы Владимир Путин Донбасстағы жанжалды геноцидке ұқсатты. Айта кетсек, Ресей Украинаға соғыс ашады деген мәліметтерді үнемі жоққа шығарып келеді. Және де Путин Батыстан НАТО-ны шығысқа қарай кеңейтпеу туралы кепілдік беруді талап етіп отыр.
Арыстан Рысбек