Шымкентте 16 елдімекенде электр энергиясының сапасы төмен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 16 елдімекенде электр энергиясының сапасы төмен

09.12.2021

Шымкенттің экологиялық жағдайын жақсарта түсу мақсатында үздік қолжетімді технологиялар қолданыла бастады. Бұл ауаға бөлінетін лас қалдықтар мен жағымсыз иісті жыл сайын 10%-ға азайтады. Бұл туралы елордада өткен брифингте қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

16 елдімекенде электр энергиясының сапасы төмен

Сондай-ақ 16 елдімекенде жарықпен қамту сапасы төмен екенін жеткізді. 2025 жылға қарай газ тарту мен электр энергиясының жайы толығымен шешімін табатынын айтты. Мегаполистегі кептеліс мәселесін шешу мақсатында тағы 5 айналма жол мен көпірлер, жолайрықтар салынады.

Шымкентте мектеп қауіпсіздігі күшейтілді

Жоспарға сәйкес, үш ауысымды және мектебі жоқ шағынаудандар мәселесіне 2025 жылы нүкте қойылады. Білім ошақтарында қауіпсіздікті арттыру мақсатында бірнеше жоба іске асырылған.

 Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:

 Биылғы жылы мектептерді 100% бейнебақылаумен қамтамасыз ету үшін қаражат бөліп, қазіргі уақытта 98%-ға жетті. Жыл аяғына дейін 100%-ға жетеді. Қосымша дабыл нүктелерін қойдық. Турникеттер 100% орнатылды. Мектептердің бәрі арнайы күзет компанияларымен келісімге отырған.


Хабарламаларға жазылу