Бүгін Үкіметте Ұлттық банк төрағасы теңгенің неліктен әлсірегенін түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Үкіметте Ұлттық банк төрағасы теңгенің неліктен әлсірегенін түсіндірді

09.12.2021

Теңгенің әлсіреуіне «омикрон» штамы себеп. Бүгін Үкіметте Ұлттық банк төрағасы төл ақшамыздың неліктен әлсірегенін түсіндірді. Ерболат Досаевтың айтуынша, коронавирустың жаңа штамы туралы хабарлар қаржы нарығына кері әсер еткен. Тіпті «қара» алтын бағасы да 65 долларға дейін арзандап кеткені белгілі.

Бұл Қазақстан секілді дамушы елдердің валютасын әлсіретіп жіберді дейді бас банкир. Бағамның бірден құлдырауына жол бермеу үшін Ұлттық банк 239 миллион ақш долларына интервенция жасаған.


Үкімет Ұлттық банк теңге

Хабарламаларға жазылу