Теңгенің әлсіреу себебі айтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңгенің әлсіреу себебі айтылды

07.04.2021

Ресейге салынған санкциялардың салқыны теңгемізге де тиіп жатыр. Бүгін Ұлттық банк өкілі валютамыздың неліктен құлдырап жатқанын түсіндірді. Айтуынша оған ең әуелі мұнай нарығындағы тұрақсыздық әсер етіп жатыр. Өткен апта қара алтын 5 пайызға арзандаған еді. Сондай-ақ мұхиттың арғы жағынан төнген геосаяси және санкциялық қауіптердің артуына байланысты рубльдің әлсіреуі де теңгеге кері әсер етеді дейді. Өйткені Ресей еліміздің басты сауда серіктесі. Ал бүгін АҚШ ақшасы 432 теңгеге дейін қымбаттады.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу