Петропавлда жол қиылысында автобус екі адамды қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда жол қиылысында автобус екі адамды қағып кетті

09.12.2021

Петропавлда жол қиылысында қоғамдық көлік екі адамды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Бөкетов және Пушкин көшелерінің қиылысында тіркелді. Көшеде орнатылған бейнебақылау камерасына түсірілген жазбада жаяу жүргіншілердің жолды кесіп өтпек болғаны көрініп тұр. Қатты жылдамдықпен келе жатқан автобус тоқтап үлгермеген. Екі адамның бірінің үш қабырғасы сынып, басынан жарақат алған. Ол дереу ауруханаға жеткізілген. Енді облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінде ем қабылдайды. Ал екінші адам жеңіл-желпі жарақат алғандықтан, үйіне жіберілді

Сән Жұмағазина, СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы:

Екі жаяу жүргінші зардап шегіп, олардың біреуі Петропавл қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу аясында сараптамалар тағайындалып, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Петропавл автобус

Хабарламаларға жазылу