Сарапшы: 2022 жылы азық-түлік қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: 2022 жылы азық-түлік қымбаттауы мүмкін

07.12.2021

Елімізде алдағы жылы ауылшаруашылығы өнімдерінен бастап баспанаға дейін қымбаттауы мүмкін. 2022-ге болжам жасаған сарапшылар негізінен азық-түлік бағасы көтеріледі дейді.

Әсіресе картоп, жұмыртқа мен еттің құны өсуі ықтимал. Сондай-ақ шаршы метр бағасы үшін де артығырақ шығындануымыз мүмкін. Бұған негізінен инфляция әсер етпек. Әрі жанармай айтарлықтай қымбаттайды деген болжам бар. Өйткенің оның бағасы өзге елдермен әсіресе Ресеймен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Сол үшін экономикалық одақ аясында және біріңғай отын нарығын құру мақсатында бағалар теңесіп қалуы ғажап емес дейді сарапшылар.


Хабарламаларға жазылу