Өзбекстанның оңтүстігіндегі Денау қаласында бүгін сауда орталығы өртеніп, 2 адам қаза тапты. 9 кісі жараланған. Олар ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. Екі қабатты ғимаратты шарпыған тілсіз жау қазір толықтай сөндірілген. Оқиға орнында үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәліметтерге сай, өрттің тұтануына газ балонының жарылуы себеп болса керек.