Жеке тұлғалар туралы мәлімет тек 2025 жылдан бастап жиналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеке тұлғалар туралы мәлімет тек 2025 жылдан бастап жиналады

06.12.2021

Салық органы келер жылдан бастап жеке тұлғалар туралы барлық ақпаратты банктен алады деген ақпарат жалған. Кірістер комитеті азаматтар туралы мәлімет тек 2025 жылдан бастап, жалпыға бірдей декларацияға сәйкес, жинайтынын ескертеді.

Сонымен бірге жеке кәсіпкер мобильді төлемдер үшін де салық төлемейді. Алайда бір адамға үш ай қатарынан ай сайын 80-100 адамның бірнеше рет ақша аударуы кәсіпкерлік қызметті анықтау критерийі болып есептеледі. Сондықтан кәсiпкерлер мобильдi төлемдер арқылы ақша қабылдау үшін жеке бизнес-шот ашуы тиіс.


Хабарламаларға жазылу