БҚО-да газ жарылып, 4 адамды күйік шалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да газ жарылып, 4 адамды күйік шалды

06.12.2021

Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында газ жарылып, төрт адамды күйік шалды. Оқыс оқиға жеке үйге газ орнату кезінде болған. Қазір бізбен өңірдегі тілшіміз Ардақ Мұратқызы байланысқа шығып тұр. Ардақ, күйік шалған адамдардың жағдайы қалай?

Қайырлы күн, Алла! Иә, оқиға қаладан 300 шақырым қашықтағы Талдықұдық ауылында болған. Бастапқыда 2 адам ауруханаға жеткізілді делінсе, кейін ерлі-зайыпты үй иелерін де күйік шалғаны анықталды. Жарылыс ауылға көгілдір отын келіп, үйлерге газ орнату кезінде болған. Салдарынан үйдің кіреберісінен түк қалмаған. Терезе-есіктері де қираған. Қазір үй тұруға жарамсыз деп танылған. Ал газ орнатқан мердігер келген шығынды өз мойнына алып, үй салып беруге уәде еткен. Қазір кәспорынның 29 және 28 жастағы қызметкерлерінің жағдайы орташа. Олар Жалпақтал ауылындағы ауруханада ем алып жатыр. Ал үй иелері облыстық ауруханада, оларға да қажетті дәрігерлік көмек көрсетілуде.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу