Әлемнің мұсылман елдері Ауғанстан мәселесін талқылау үшін саммит өткізбек.
Пәкістан сыртқы істер министрі Шах Махмуд Хусейн Курейши мәлімдегендей, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы мемлекеттерінің бас дипломаттары желтоқсанның 19-да Исламабадта бас қоспақ. Жиынға АҚШ, Ресей, Қытай, Еуропа одағы, Ұлыбритания, Франция өкілдері де шақырылған.
Айта кетсек, тамыздың 15-де Кабулде билікке «Талибан қозғалысы» келгеннен кейін, Ауғанстанға шетелден көмек тоқтатылып, гуманитарлық ахуал қиындап, қазір миллиондаған адамға аштықтан қырылу қаупі төніп тұр.
Арыстан Рысбек