Қазақстан дінаралық диалогтың халықаралық орталығына айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан дінаралық диалогтың халықаралық орталығына айналды

13.10.2023

Қазақстан дінаралық диалогтың халықаралық орталығына айналды. Бұл мұсылман ақсақалдары кеңесінің бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламның пікірі. Ұйым Астанада өкілдігін ашып, халықаралық ынтымақ пен бейбітшілікті дамытуды көздеп отыр. Сонымен қатар, кеңес Орталық Азия бұқаралық ақпарат құралдарының форумын өткізбек. Бұл бастамалар елдер арасындағы ынтымақты күшейтуге сеп болады дейді ол.

Мұхаммед Әбделсалам, мұсылман ақсақалдары кеңесінің бас хатшысы:

Ақсақалдар кеңесінің өкілдігін Қазақстанда ашу кездейсоқ таңдаау емес. Бұл бастаманың стратегиялық маңызы зор. Қазақстан – өңірдегі рухани-мәдени орталықтардың бірі, тарихы бай ел. Ұзақ жылдан бері бірлесе жұмыс істеп келеміз. Қазақстан дінаралық диалогтың маңызды алаңы екенін көрсетті

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу