Ғимарат ішіндегі субұрқаққа секірген елорда тұрғыны 13 тәулікке қамалды. 19 жастағы азаматтың осыған дейін Алматыда ұсақ бұзақылық жасап, жауапқа тартылғандығы белгілі болды. Өкінішке қарай, ол сабақ алмағанға ұқсайды. Бір жыл болмай жатып, бас қаладағы сауда-ойын сауық орындарының бірінде екінші қабаттан субұраққа секіріп кеткен. Ол бұл қадамға достарымен бәс тігіп барыпты.