Лира құнсызданған шақта Ердоған жаңа қаржы министрін тағайындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лира құнсызданған шақта Ердоған жаңа қаржы министрін тағайындады

02.12.2021

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған ұлттық валюта қатты құнсызданып жатқан шақта елдің қаржы министрін ауыстырды. Бұл постқа ол Нуреддин Небатиді тағайындады.

Үш жылдай қаржы министрінің орынбасары болған Небати өткен аптада мемлекет басшысының пайыздық мөлшерлемені төмеу ұстау саясын мақтаған.

Айта кетсек, Ердоған 2019 жылдың ортасынан бері Орталық банктің үш төрағасы мен қазанда үш жоғары лауазымды маманын қызметінен босатты. Экономистердің ойынша, бұл өзгерістер қаржы нарығында биліктің монетарлық саясатына сенімді сетінетіп, лираны өткен айдың өзінде 27 пайызға құнсыздандырған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу