Ердоған Ахмет Дәуітоғлыны премьер-министрлікке тағайындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ердоған Ахмет Дәуітоғлыны премьер-министрлікке тағайындады

28.08.2014
Ердоған Ахмет Дәуітоғлыны премьер-министрлікке тағайындады

Бүгін Түркия президенті қызметіне кіріскен Реджеп Тайып Ердоған Ахмет Дәуітоғлұны үкімет басшысы және Әділеттік және даму партиясының көшбасшысы қызметіне тағайындады. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Дәуітоғлы мұның алдында Түркияның сыртқы істер министрі қызметін атқарған.

Ердоған 10 тамызда өткен Түркия президенттігіне бағытталған сайлауда жеңіске жеткен еді. Елдің 2012 жылғы өзгеріс енгізілген заңына сәйкес, 1923 жылдан бері президентті парламент таңдап келеді.

Ердоған түрік үкіметін 2003 жылдың наурыз айынан бері басқарып келді. Бұған дейін ол Стамбул қаласының мэрі болған. Сайлау алдында ол дауыс берушілерге Түркияны әлемдік көшбасшыға айналдырып, заңға өзгеріс енгізуге уәде берген болатын.

Хабарламаларға жазылу