Вьетнамда тасқын кезінде 18 адам жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вьетнамда тасқын кезінде 18 адам жоғалып кетті

02.12.2021

Вьетнамның орталығында төпелеп жауған жаңбыр соңы су тасқыны мен лай көшкініне ұласты. Соңғы мәліметке қарағанда, 18 адам жоғалып кеткен. Және де кейбір тұрғындар қаза тапты деген болжам айтылып отыр.

Апаттан жолдар мен үйлер бұзылып, провинциялар мен елді мекендер арасындағы талай автомагистраль жабылды. Бұған қоса, кофе және күріш алқаптарын су шайып кеткен.

Қазір су басқан аудандарда құтқару операциялары жалғасып жатыр. Вьетнам теңіз жағасында орналасқандықтан, бұл мемлекетте мұндай оқиғалар жиі болады. Былтыр тасқын мен лай көшкінінен 378 вьетнамдық жан тәсілім еткен.


Хабарламаларға жазылу