Балабақшалар мен мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктер болмайды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес елімізде бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.
«Мектептегі бір сынып немесе балабақшадағы бір топ шеңберіндегі жаңажылдық іс-шараларға келетін болсақ, мұндай шешімдер санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша және жергілікті эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарының әкімшілігі деңгейінде қабылданады»,- делінген хабарламада.
Ал жоғары оқу орындарының әкімшілігі де санитарлық дәрігерлермен келісе отырып, эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңажылдық іс-шараларды өткізу туралы шешімді өздері қабылдайды.